Басты бет

Қолдау қызметі - Муканова Айман Нұрланқызы

8-701-670-48-86

 

ШЖҚ МКК «Талдықорған қ. Облыстық аурухананың» атқаратын негізгі қызметі

Біздің міндетіміз сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету

Мақсаты

Стационар жағдайында емдеу мен диагностикалаудың жаңаша технологияларын қолдана отырып , халыққа жоғары мамандандырылған және арнайы мамандандырылған көмек көрсету .

Міндеттері

Диагностика мен емдеудің жаңашыл әдістерін қолдана отырып , халыққа жоғары мамандандырылған және арнайы мамандандырылған көмек көрсету;

Көрсетілген медициналық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

Кадрлық стратегия , ұйым беделін және ұжымдық мәдениетті қалыптастыра отырып карлар дайындау.

Біздің ұйымның негізгі құндылықтары

Нәтиже сапасын арттыру мақсатында емдеу мен диагностикалаудың жаңашыл әдістерін және жаңа технологияларын еңгізу .

Емдеу –диагностикалау үдерісінде қолжетімді медициналық құралдардың барлығын асқан шеберлікпен қолдана білу дағдысын дамыту.

Дәрігерлік қайырымдылық ережесі , науқас адамға деген жанашырлық және көмек көрсету тілегі дәстүрлерін сақтау.

Біздің ұйымның мәдениеті

Медициналық мекеменің мәдениеті мен рухы онда қызмет істейтін адамдар, олардың болашаққа деген сенімділігі , науқасқа деген сүйіспеншілік сезімі , оладың істеп жатқан ісінің қажеттілігін сезінуден анықталады.

Мәдениеттің көзі – құндылықтарда . Ұйымның негізін қалаушылар мен ұйымдағы беделді мүшелері арқылы ресми мәлімделіп және бөлініп берілген құндылықтар қызметкерлердің ауызбірлігі , олардың көзқарастары мен істерінің бірлігін анықтайтын негіз болып табылады , яғни ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.

Стационардың қызметі басталған күнінен бастап бізідң қызметкерлер біздің ұйымның мәдениетін қалыптастырады. Оның негізіне мыналар жатады:

v Адамның денсаулығын қалпына келтіру мен оның азабын жеңілдету жөніндегі жалпы мақсатқа жетудегі қызығушылықтың бірлігі;

v Қызметкерлердің өзінің қызметтік міндеттерін сапалы және кәсіби деңгейде орындауға ұмтылуы ;

v Кәсіби еңбек қызметінде өзіндік білімінің көтерілуі мен тұлғалақ деңгейінің өсуіне ынталану;

v Қызметкердің қосқан үлесі мен оны марапаттау арасындағы әділ байланыс орнату ;

v Біздің ұйымның ұжымы арасында әр маманды қолдау мен сенімділік басымдылығын орнату.