Терапия бөлімі

Терапия бөлімі 40 төсек-орынға есептелген (оның ішінде: 10 төсек – терапиялық , 5 төсек гастроэнтерологиялық, 10 төсек  гематологиялық, 5  төсек пульмонологиялық, 5 төсек ревматологиялық, 5 төсек нефрологиялық бейінде ).

Көп бейінді стационардың жоғарғы технологиялық жабдықталуы жанамаласқан патология кезінде дифференциацияланған диагностикалауды жүргізумен қатар  кең ауқымды терапевтік ауруларды заманауи деңгейде емдеу мен кешенді тексеруге мүмкіндік береді. Түрлі ауруларды емдеу ісінде біздің бөлім дәрігерлерінің диагностикалауда әдістерді сауатты іріктей алуы, кең клиникалық таным және тәжірибеліліктері маңызды рөл атқарып, ауруды жеңуге көмектеседі.

Бөлім мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді: асқазан-ішек жолдары, қан жүйесі, зәр шығару жүйесі, ревматологиялық  ауруларды емдеу және т.б.

Науқастарды емдеу ісінде заманауи гематологияда  қабылданған хаттамаға сәйкес  дифференциалды қарым-қатынас қолданылады. Кешенді және жан-жақты тексеріліп, ем қабылдаған барлық науқастарға  одан ары қарай да аурудың алдын алу жөнінде, қолдау емі, өмір салты, аурудың асқынуын болдырмау жайында тиянақты ұсыныс беріледі.

Терапия бөлімінің меңгерушісі м.а.- Ногайбекова Баян Жұмаханқызы, жоғары санаттағы терапевт-дәрігер

Бөлім дәрігерлері:

Жүнісханов Мұхаметқали- гематолог дәрігер

Анашова Айнұр Анашқызы- терапевт дәрігер

Назира Нурланқызы-  терапевт дәрігер

Ташимова Акмаржан Ерболатқызы  – терапевт дәрігер