Нейроинсульт бөлімі

Инсультті бөлім облыстық ауруханадағы ең жас бөлім болып саналады. Ол 2014 жылдың 1 наурызында ашылған. 30 төсектік бұл бөлім ми қан айналымының өткір  бұзылуларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған. Емдеу ісі халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі және  өткерген инсульттен кейін организмнің функцияларын барынша қалпына келтіру  және қайталама соққыдан сақтандыру, алдын алу мақсатын көздейді. Бөлім меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санатты невропатолог дәрігер Мықтыбаева Сәуле Жексембекқызы тағайындалған.

Бөлім дәрігерлері:

•Нұрғалиев К.Е – жоғарғы санатты невропатолог дәрігер

•Молдағалиева А.Ж –невропатолог дәрігер

•Жақиянова С.С. –невропатолог дәрігер

•Қалықов С.А. – дәрігер реаниматолог

•Хан И.Т. – жоғарғы санатты психиатр

•Жантасова А.Ш. – жоғарғы санатты логопед

Бөлім дәрігерлері, медицина қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерден де өтіп, білімін шыңдауда. Инсультті бөлім басқа бөлімдермен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады: интенсивті терапия, жан сақтау бөлімі, емдік дене шынықтыру және физиотрепаия бөлімдері.  Бөлім тәулік бойы көмек көрсетеді. Мамандар тәуліктің 24 сағаты бойында науқастың жағдайына клиникалық баға беріп, өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізеді. Қажет болған жағдайда бұзылған функцияларды қалпына келтіру мақсатында базистік және спецификалық терапия, кешенді реабилитациялық терапия жүргізеді.