Диагностика бөлімі

Диагностика бөлімінің меңгерушісі - Қасымбекова Елмира Зейнелканқызы, жоғарғы санатты зертханашы дәрігер

Диагностикалық бөлім стационарда 250  төсекке қызмет көрсетеді және кеңестік -диагностикалық бөлімде  қабылдау жүргізеді.  Құрамында  клиникалық  зертхана, функционалды диагностика бөлмесі,  эндоскопия бөлмесі, патолого-гистологиялық  зертханасы бар.

Жүргізілетін Зерттеу тізімі:

  • Гематологиялық зерттеу
  • Жалпыклиникалық зерттеу
  • Биохимиялық зерттеу
  • Серологиялық зерттеу

Зертхананың жабдықталуына 2013 жылы аса көп көңіл бөлінді.  Гемотологиялық  анализатор  Micros 60, биохимиялық  анализатор Fulli , ИФА анализатор Minividas секілді құрылғылар алынды. 2013 жылы  бүйрек ауруларын диагностикалау үшін, креатинин клиренсін есептеуге мүмкіндік беру үшін қолданылатын Реберга сынамасы енгізілді.  Креатинин клиренсі қан мен зәрдің сарысуындағы креатинин мөлшері нәтижесі арқылы  есептеледі. Креатинин клиренсі немесе тазалану коэффициенті қан плазмасының мөлшерін көрсетеді , бір минут ішінде бөгде заттан тазаланады. Сонымен қатар ревматоиды сынама, сандық әдіс енгізілді.  В,С Гепатиттерін Иммуннохроматографиялық әдіс- экспресс-тест арқылы анықтау . қолданыстағы ИФА анализаторы сараптамалардың кең тізімін орындай алады. Барлық гематологиялық сараптамалар осы автоанализаторда жүргізіледі.

Функциональды диагностика бөлмесі. Ауылдық жәнен қалалық жердің тұрғындарға стационарлық және амбулаторлық қызмет көрсетеді. Зерттеудің функционалды  әдістері түрлі ауруларды диагностикалауда, диагнозды анықтауда практик дәрігерлерге қажетті көмек көрсетеді, емдеу жолын анықтау, дәрілік терапияны айқындауда, уақытымен кәсіби медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Келесі зерттеу түрлері жүргізіледі:

  • Электрокардиография
  • - бір каналды электрокардиографта
  • -алты каналды электрокардиографта
  • Функционалды сынамасы бар ЭКГ
  • Фармокологиялық сынамасы бар ЭКГ
  • Қосымша салалы ЭКГ
  • Спирография
  • Эхокардиография
  • Холтер мониторнигісі бойынша ЭКГ
  • Тәуліктік мониторниг -АД

Фиброгастроскопиялық бөлме келесі зерттеу түрін жүргізеді:

  • Фиброэзофагогастродуоденоскопия