Емделушілерді қолдау қызметі

Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 58- бабына сәйкес «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК-да Емделушілерді қолдау Қызметі құрылған (Ішкі бақылау қызметі/аудит).

Емделушілерді қолдау қызметі және «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ішкі аудит құрамы:

Емделушілерді қолдау қызметі және «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ішкі аудит бастығы:

  • А.Н.Муканова – директордың бақылау және сапа бойынша орынбасары -23-34-08, 87016704886

Емделушілерді қолдау қызметі мүшелері:

  • Т.Т. Дәуежанова- дәрігер эпидемиолог - 23-51-70
  • С.Т Қиялбекова–сарапшы дәрігер  физиотерапия бөлімінің меңгерушісі
  • Д.А. Эрматова-емханалық фармаколог-дәріхана меңгерушісі
  • А.Б Сулейменова-әдіскер дәрігер
  • З.К.Джуманиязов-заңгер

Емделушілерді қолдау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсетуде кеткен бұзушылық фактілерін анықтау болып табылады. Осыған байланысты егер Сіз:

  • Көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген медициналық қызмет үшін медициналық қызметкердің ақша талап ету фактісімен кездессеңіз;
  • Сонымен қатар, егер Сіз көрсетілетін медициналық көмектің тәртібі және сапасына байланысты басқа да мәселелермен бетпе-бет келсеңіз,    Сіз емделушілерді қолдау қызметіне (ішкі аудит) хабарласуға құқыңыз бар.

 

Емделушінің құқығын қорғау мақсатында қызмет етеді:

  • “Сенім телефоны” – 23-46-69,  бұл нөмір бойынша медициналық қызметкер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылық фактісі туралы хабарлай аласыз.
  • “Арыздар мен ұсыныстарға арналған жәшік”, бұл жәшікке аты-жөні, байланыс мәліметтері (телефоны, мекен-жайы) көрсетілген жазбаша хат жібере  (сала) аласыз
  • Сонымен қатар Сіз біздің сайтқа  oblbolnisa-tk.kz «Басшы блогы /топтамасы/» айдарына жібере аласыз

Емделушілерді қолдау қызметі Сіздің хабарламаңызды мүмкіндігіне қарай жуық арада күнтізбелік 5 күннен артық емес мерзімде қарастырып, өтініш немесе арызыңызды қарастыру бойынша Сізге нәтижесімен таныстырған мәлімдеме жібереді.

Емделушілерді қолдау қызметіне ем қабылдап жатқан емделушілердің өзі де, олардың туыстары да хабарласуға құқығы бар.

.

Біздің ұйымда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмегін тигізетін Сіздердің жіберген талап-тілектеріңіз, ұсыныстарыңыз бен хабарламаларыңызға ризашылықтарымызды білдіреміз.

 

Аса құрметпен «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК Емделушілерді қолдау қызметі